№1 оқу ғимаратындағы жаңарулар
25-қазан Республика күнін университет ұжымы ерекше сыймен қарсыламақшы. Әдеттегідей, сенбілік жұмыстарынан тыс, мереке тұсында осы ғимаратта орналасқан кафедраларды жаңартып жабдықтау жұмыстары қауырт жүргізлуде.

Мысалы, №1 оқу ғимаратының базасындағы биология, фармакология, микробиолгия және химия кафедраларындағы студенттерге арналған үстел – орындықтар тегістей жаңартылды. Алдағы уақытта мұндай жақсылықтар көп болады деп, күтілуде.

Осылайша студенттердің алаңсыз білім алуы үшін олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмыстары университет әкімшілігінің басты назарында болмақшы.


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті